
2020 жылғы 16-17 қыркүйекте Қазақстанның Эфиопиядағы елшісі Барлыбай Садықов Эфиопияның Сыртқы істер министрлігінде Экономикалық дипломатия және диаспора істері жөніндегі Мемлекеттік хатшы (Министрдің орынбасары) Цион Теклу ханыммен және Азия және Океания істері жөніндегі бас департаменттің директоры Малолинг Сафамен, сондай-ақ Аддис-Абеба университетінің Бейбітшілік және қауіпсіздік проблемаларын зерделеу институтының директоры Йонас Адайемен кездесті.
Кездесулер барысында Б.Садықов ҚР Президенті Қ. К. Тоқаевтың 2020 жылғы 1 қыркүйектегі басқару жүйесінің тиімділігін, жаңа жағдайдағы экономиканы арттыруға, өнеркәсіптік әлеуетті ашуға, Ауыл шаруашылығын, көлік-логистикалық кешенді, шағын және орта бизнесті, қаржы секторын дамытуға, елдің өңірлік дамуын жаңғыртуға және адамдардың әлеуметтік әл-ауқатын арттыруға бағытталған Жолдауының негізгі ережелері туралы хабардар етті.
Сұхбаттасушылар Жолдауды оң бағалап, оның стратегиялық бағдарламалық сипаты мен КОВИД-19 пандемиясы кезінде ерекше өзекті сипатқа ие болатын халықты қорғау мәселелерінің басымдылығын атап өтті.