2020 жылы 21 ақпанда Аддис-Абеба университетінде Халықаралық Ана тілі күніне арналған мерекелікіс-шаралар өтті. Аталмыш шараға Ғылым және Жоғарғы білім, Мәдениет министрліктердің, БАҚ, Эфиопияның ғылыми және мәдени топтарының өкілдері, сондай-ақ дипломатиялық корпус өкілдері қатысты.
Ресми бөлігі кезінде Эфиопияның Мәдениет пен Ғылым және Жоғарғы білім министрлері, Аддис-Абеба университетінің Президенті және ЮНЕСКО өкілідерінің құттықтау сөздері айтылды.
Іс-шара бағдарламасына, атап айтқанда, әртүрлі елдер өкілдері, оның ішінде бірқатар елшіліктер және Қазақстанның Эфиопиядағы Елшілігі қатысты. Осы жылы қазақтың ұлы ақыны Абайдың 175-жылдығын мерекелеу аясында Елшілік қызметкерлері оның шығармашылығының тұсаукесерін жасап, «Көзімнің қарасы» әнін қазақ тілінде орындады. Абайдың шығармашылығын орындаған Елшіліктің екі өкілі ұлттық киімімен және фортепианоға ілесуді ұйымдастырып, іс-шараға қатысушылар тарапымен жылы қабылданды.