Меню

Страницы

Статья

Сауда-экономикалық ынтымақтастық

 Сауда-экономикалық ынтымақтастық

 

Қазақстан мен Эфиопия арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықтың дамуы үшін жақсы келешегі мен әлеуеті бар.

ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің деректері бойынша Қазақстан мен Эфиопия арасындағы тауар айналымы келесідей болды:

 - 2020 ж. – 48,7 мың АҚШ долл.;

 -  2021 ж. – 130,9 мың АҚШ долл.;

 - 2022 ж. – 482,9 мың АҚШ долл.;

 - 2023 ж. – 620 мың АҚШ долл.;

 - 2024 ж. – 730 мың АҚШ долл.

2025 жылдың қорытындысы бойынша ҚР мен ЭФДР арасындағы тауар айналымы 1295,3 млн долларға  жетті (экспорт – 3,6 мың долл., импорт – 1291,7 млн долл.).

2026 жылғы қаңтар-сәуір аралығында ҚР мен ФДРЭ арасындағы тауар айналымы 359 мың АҚШ долларды құрады (Эфиопиядан Қазақстанға Экспорт - 100%, импорт - 0 USD).

Қазақстаннан Эфиопияға темірден, легірленген және легірленбеген болаттан жасалған жалпақ прокат экспортталады. Эфиопиядан Қазақстанға гүлдер, кофе, былғары, тоқыма бұйымдары және басқа да тауарлар импортталады.

Бизнес-қоғамдастықпен өткізілген іс-шаралар мен кездесулер

Екіжақты сауда-экономикалық және инвестициялық байланыстарды дамыту перспективаларын зерделеу, сондай-ақ Қазақстанның сауда-экономикалық және инвестициялық әлеуеті туралы ақпараттандыру мақсатында 2019 жылғы 10 желтоқсанда, 2021 жылғы 24 қыркүйекте, 2021 жылғы 14 қазанда, 2022 жылғы 28 қаңтарда, 2022 жылғы 8 қарашада және 2025 жылғы 12 қазанда ҚР Елшілігі Эфиопия СІМ, бейінді министрліктерінің, Эфиопия және Аддис-Абеба қаласының сауда палаталарының, сондай-ақ Эфиопия бизнес-топтары өкілдерінің қатысуымен сауда семинарларын өткізді.

Осы іс-шаралардың нәтижесі бойынша Эфиопияның Сауда-өнеркәсіп палатасымен бірлесіп сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі жұмыс тобы құрылды.

Осыған байланысты, ҚР Елшілігі ҚР Сауда және интеграция министрлігінің «QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығымен, «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ мамандандырылған сақтандыру ұйымымен және Аддис-Абеба Сауда-өнеркәсіп палатасымен бірлесіп «Қазақстан мен Эфиопия арасындағы сауда мен инвестицияларды ілгерілету» тақырыбында семинар өткізді. Іс-шараға қазақстандық тауарларды Эфиопия мен Африканың басқа да елдерінің нарығына жеткізуге, сондай-ақ эфиопиялық кофені, жемістерді, дәмдеуіштерді, өсімдіктер мен гүлдерді және т.б. экспорттауды дамытуға мүдделі Аддис-Абеба бизнес-топтарының өкілдері қатысты.

Дата публикации
06 февраля 2020
Дата обновления
28 июля 2026
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
15 марта 2024
Қазақстан Республикасына кіруге және Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттік өтуге визалар беру, олардың мерзімін ұзарту
Ақпарат
15 марта 2024
Құжаттарды заңдастыру
Ақпарат
15 марта 2024
Шет ел азаматтары үшін консулдық бөлім қызметтері

Социальные медиа

facebook
twitter
Instagram
youtube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары