Меню

Страницы

Статья

Жамбылда әл-Фарабидің 1150, Абайдың 175 жылдығына орай онлайн байқаулар ұйымдастырылады

Жамбыл облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасы еліміздегі төтенше жағдайға байланысты жастардың үйде отырған уақытын тиімді пайдалануды ұйымдастыру мақсатында онлайн жарыстар, дәрістер мен басқа да оқыту іс-шараларын өткізуді қолға алуда

Аталған басқарма басшысы Серікбол Берікқожаның биыл сәуір айында онлайн түрде өткізілетін іс-шаралардың жоспары бекітілгенін жеткізді. «Негізгі жоспар бойынша басқарманың әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларында «Kahoot» интелектуалды ойынынан чемпионат ұйымдастырылмақ. Онда жастарға онлайн кеңес беру, хакім ақын Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай «Өлмейтұғын сөз қалдырған артында» атты көркемсөз оқу шеберлерінің байқауы, әл-Фарабидің 1150 жылдығына орай «Әлемнің екінші ұстазы» атты посттар байқауы сынды шаралар өтеді»,- деді басқарма басшысы. Сондай-ақ, қазақ, орыс және ағылшын тілдерінен оқыту сабақтарын ұйымдастыру, жастарға пайдалы тақырыптарда мотивациялық кештер мен лекциялар ұйымдастыру, медициналық маска тігу, тігін өнері, ағаш, темірден бұйымдар жасау сияқты жастарды қызықтыратын шараларды ұйымдастырып, оның бейнежазбасын ютуб арнасына орналастыру және облысқа танымал жас өнерпаздардың онлайн-концерттерін ұйымдастыру сияқты шаралар өткізу жоспарланған. «Басқарма әлеуметтік желілердегі парақшалары арқылы салалық басқармалардың қатысуымен мемлекеттік қолдау тетіктері, жұмыспен қамту, кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығын қолдау, тұрғын үй және тағы да сол сияқты тақырыптар аясында тікелей эфир арқылы онлайн кеңес беруді бастады. Бүгінде «Мемлекеттік жастар саясатының жүзеге асырылуы мен волонтерлік қолдау шаралары», «COVID-2019» короновирусынан сақтану шаралары және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің тиімділіктері» туралы тікелей эфир арқылы онлайн кеңестер берілді», - дейді Серікбол Берікқожа.

 

Дата публикации
14 мая 2020
Дата обновления
14 мая 2020
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
15 марта 2024
Қазақстан Республикасына кіруге және Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттік өтуге визалар беру, олардың мерзімін ұзарту
Ақпарат
15 марта 2024
Құжаттарды заңдастыру
Ақпарат
15 марта 2024
Шет ел азаматтары үшін консулдық бөлім қызметтері

Социальные медиа

facebook
twitter
Instagram
youtube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары