ҚАУЛЫСЫ ПОСТАНОВЛЕНИЕ
15 маусым 2020 №_41_
Нұр-Сұлтан қаласы город Нур-Султан
Қазақстан Республикасының
Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің
2020 жылғы 22 мамырдағы № 37 қаулысына
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының халқы арасында COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуының алдын алу мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 22 мамырдағы № 37 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) 1-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1.1) Қазақстан Республикасына шет елден қайта басталған халықаралық тұрақты авиарейстермен келген адамдарға қатысты шектеу шаралары Қазақстан Республикасының үкіметтік делегацияларын; Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің шақыруы бойынша Қазақстан Республикасына келетін шет мемлекеттердің және халықаралық ұйымдардың ресми делегацияларының мүшелерін; Қазақстан Республикасында аккредиттелген дипломатиялық өкілдіктердің, консулдық мекемелердің және халықаралық ұйымдар өкілдіктерінің қызметкерлерін және олардың отбасы мүшелерін; авиакомпаниялар экипаждарын қоспағанда, осы қаулыға 44-қосымшаға сәйкес жүргізіледі.
Халықаралық транзитпен жүретін жолаушылар соңғы межелі орында шектеу шараларын жүргізуге жатады.
1.2) Қазақстан Республикасына шет елден тұрақты емес авиарейстермен келген адамдарға қатысты шектеу шаралары мынадай тәртіппен жүргізіледі: Қазақстан Республикасының үкіметтік делегацияларын, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің шақыруы бойынша Қазақстан Республикасына келетін шет мемлекеттердің және халықаралық ұйымдардың ресми делегацияларының мүшелерін; Қазақстан Республикасында аккредиттелген дипломатиялық өкілдіктердің, консулдық мекемелердің және халықаралық ұйымдар өкілдіктерінің қызметкерлерін және олардың отбасы мүшелерін; авиакомпаниялар экипаждарын; Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өту кезінде алынған сәттен бастап 5 тәуліктен аспайтын уақыт өткен ПТР әдісімен зертханалық тексерудің теріс нәтижесі бар CОVID-19-ға тексеру туралы анықтама берген адамдарды қоспағанда, Қазақстан Республикасына шет елден тұрақты емес авиарейстермен келген барлық адамдар COVID-19-ға зертханалық тексеру жүргізу үшін 2 тәулікке дейін карантиндік стационарда оқшаулауға жатады.
СОVID-19-ға зертханалық тексеру нәтижелерін алғаннан кейін оң нәтижесі бар адамдар инфекциялық стационарға ауыстырылады, СОVID-19-ға теріс нәтижесі бар адамдарға осы қаулыға 33-қосымшаға сәйкес тиісті қолхат алына отырып, COVID-19 ықтимал симптомдары туралы түсіндіру жүргізіледі.
COVID-19-ды жоққа шығармайтын белгілері бар адамдар карантиндік стационарға емес, провизорлық стационарға емдеуге жатқызылады.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өту кезінде алынған сәттен бастап 5 тәуліктен аспайтын уақыт өткен ПТР әдісімен зертханалық тексерудің теріс нәтижесі бар CОVID-19-ға тексеру туралы анықтама берген адамдар COVID-19-ға зертханалық тексеру жүргізу үшін 2 тәулікке дейін карантиндік стационарда оқшауланбайды. Оларға осы қаулыға 33-қосымшаға сәйкес тиісті қолхат алына отырып, COVID-19 ықтимал симптомдары туралы түсіндіру жүргізіледі.
2) мынадай мазмұндағы 17-1, 17-2 және 17-3-тармақтармен толықтырылсын:
«17-1. Авиакомпаниялар басшылары:
1) ұшу кезінде жолаушылар мен экипажға сауалнама жүргізуді, оның ішінде толық толтырылуын тексеруді, толық немесе дұрыс толтырылмаған жағдайларда қосымша сауалнама жүргізуді;
2) ұшып келу әуежайында толтырылған сауалнамаларды, манифестерді және әуе кемесінің бас декларациясын санитариялық-карантиндік пункттің маманына дереу беруді;
3) тіркеуден өту, әуе кемесіне отырғызу және одан түсіру кезінде жолаушылар арасында қауіпсіз қашықтықты (1 метрден кем емес) және маскалық режимді сақтауды;
4) әуе кемесінің бортында жеке қорғаныш құралдарының (маскалар, қолғаптар), қолға арналған антисептиктердің, дезинфекциялау құралдарының азаймайтын қорының болуын;
5) әуе кемесінің салонында ұшу кезінде жолаушылардың қозғалысын, сондай-ақ дәретхана жанында жиналуын шектеуді;
6) қызметкерлерді жұмысқа жеке қорғаныш құралдары (медициналық маскалар, қолғаптар) болған жағдайда жіберуді;
7) дене температурасын өлшей отырып, қызметкерлерді ауысым алдындағы (ұшу алдындағы) медициналық тексеруден өткізуді;
8) тұрақты халықаралық авиақатынастарды қайта бастау алдында әуе кемелеріндегі ауа баптау, желдету жүйелеріне тексеру жүргізуді және сүзгілерді ауыстыруды қамтамасыз етсін.»;
«17-2. Көліктегі тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы:
1) ұшып келу аймағында барлық жолаушылар мен экипаж мүшелеріне байланыссыз термометрия жүргізуді;
2) дене температурасы жоғары адамдар немесе ауру симптомдары бар (жөтел, ентігу, тыныс алуы қиын) адамдар анықталған жағдайда жолаушыны ықтимал жұқтыруды болдырмау жөніндегі шараларды сақтай отырып, әуежай изоляторына апаруды;
4) рейс келгеннен кейін екі сағат ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Веб-қосымшасына сауалнамаларды бере отырып, оларды тану жүйесінің деректерді өңдеуін;
5) ұшып шыққан елден ПТР әдісімен COVID-19 анықтамасынсыз халықаралық авиарейстермен келген жолаушыларға болатын жерінде ұшып келген күнінен бастап 48 сағат ішінде ПТР әдісімен COVID-19-ға талдаудан өту міндеттілігі туралы хабарлама беруді;
6) ұшып шыққан елден ПТР әдісімен COVID-19 анықтамасынсыз халықаралық авиарейстермен келген жолаушылар бойынша ақпаратты Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің аумақтық департаменттеріне жіберуді қамтамасыз етсін.»;
«17-3. Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің аумақтық департаменттерінің басшылары COVID-19 анықтамасынсыз халықаралық авиарейстермен келген жолаушылардың келген күнінен бастап 48 сағат ішінде ПТР әдісімен COVID-19-ға талдаудан өтуін бақылауды қамтамасыз етсін, ал өтпеген жағдайда оларға қатысты тиісті шаралар қолдансын.»;
3) осы қаулыға қосымшаға сәйкес 44-қосымшамен толықтырылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Бас мемлекеттік
санитариялық дәрігері А. Есмағамбетова
Қосымша
«Қазақстан Республикасының
Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы _____
№ _____ қаулысына
44-қосымша
Елдердің санаттары және тұрақты халықаралық авиарейстермен келетін жолаушыларға қойылатын шектеу шаралары
|
Санаты |
Елдер |
Шектеу шаралары |
|
|
1. |
Бірінші санат |
ҚХР, Оңтүстік Корея, Жапония, Грузия, Таиланд |
1) сауалнама 2) хабарлама беру |
|
2. |
Екінші санат |
Түркия |
Қазақстан Республикасына келген жолаушылар:
|
|
3. |
Үшінші санат |
Екінші және үшінші санаттағы елдерден басқа барлық елдер |
Авиарейстерге тыйым салынған |
ПТР әдісімен COVID-19-ға міндетті түрде зертханалық тексеруден
өту туралы хабарлама
Елді мекен ________________ 2020 жылғы «___» ______
Мен ______________________________________, ЖСН: _________________,
(Т.А.Ә. (бар болса)
__ __ ____ жылы ҚР ІІМ/ӘМ берген № _________________төлқұжат/жеке куәлік, ____________________________, ____________________________ мекенжайында тіркелгенмін, нақты ___________________________________ мекенжайында тұрамын.
Тұратын жерім бойынша 48 сағат ішінде COVID-19-ға зертханалық тексеруден өтуге міндеттенемін. Дербес деректерді өңдеуге келісім беремін.
Температура немесе әлсіздік белгілері пайда болған кезде карантин туралы хабардар етіп және жүгіну себебін көрсете отырып, COVID-19 бойынша колл-орталыққа шетелден келгені туралы ақпарат етіп, дереу жүгіну немесе жедел жәрдем шақыру қажеттілігі туралы хабардар етілдім.
«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – ӘҚБтК) 462-бабының 3-бөлігіне сәйкес мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарының өз құзыреті шегінде заңды талаптарын немесе қаулыларын орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік жауаптылықтың болуы туралы хабардар етілдім.
ӘҚБтК-нің 462-бабының 1-бөлігінде көзделген әкімшілік жауапкершіліктің болуы туралы, мемлекеттік инспекциялар мен мемлекеттік бақылау және қадағалау органдарының лауазымды адамдарына өздерінің құзыретіне сәйкес қызметтік міндеттерін орындауы үшін қажетті құжаттарды, материалдарды, статистикалық және өзге де мәліметтерді, ақпаратты беруден бас тарту не дәйексіз ақпарат беруден бас тарту түріндегі кедергі келтіруге тыйым салу туралы хабардар етілдім.
Сондай-ақ, 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 380-бабына сәйкес билік өкіліне қатысты зорлық-зомбылықты қолданғаны үшін қылмыстық жауаптылықтың бар екендігі туралы хабардар етілдім.