Қазақстан Республикасында коронавирустық инфекцияның профилактикасы шараларын одан әрі күшейту туралы

Қазақстан Республикасында

коронавирустық инфекцияның

профилактикасы шараларын одан

әрі күшейту туралы

 

 

  1. Облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының әкімдері, денсаулық сақтау басқармаларының басшылары:

1) 2020 жылғы 1 наурыздан бастап соңғы барған сәтінен бастап 14 күннен кем уақыт өткен, осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес 1а) санаттағы елдерден келген адамдарды 14 күн бойы жергілікті атқарушы органдар айқындаған үй-жайларда оқшаулай отырып, кейіннен емдеуден шығарылғаннан кейін 10 күн бойы тұрғылықты жері бойынша медициналық-санитариялық алғашқы көмек (бұдан әрі – МСАК) ұйымдарында медициналық бақылау (күн сайын қоңырау шалу) арқылы карантинді.

         Ресми және үкіметтік делегацияларды, сондай-ақ қызметтік және дипломатиялық төлқұжаттардың иелерін, авиакомпаниялардың ұшқыштары мен экипаж, локомотив бригадаларының мүшелерін, теміржол көлігінің тасымалдау қызметімен айналысатын адамдарды және жүктерді автомобильмен халықаралық тасымалдауды жүзеге асыратын жүргізушілерді қоспағанда,осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес 1а) санаттағы елдерден келген адамдарды Қазақстан Республикасының шекарасынан өткен күннен бастап 14 күн бойытұрғылықты(келген)  жері бойынша МСАК медицина қызметкерінің күнделікті барып бақылауымен, кейіннен 10 күн бойы тұрғылықты (келген) жері бойынша МСАК ұйымдарында медициналық бақылау (күн сайын қоңырау шалу) арқылыүйде оқшаулауды.

         2) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес КВИ-мен сырқаттанушылық бойынша қолайсыз елдерден (екінші санат) келген адамдардыҚР-ның шекарасынан өткен күннен бастап 14 күн бойытұрғылықты (келген) жері бойынша МСАК-тың медицина қызметкерінің күн сайын барыпбақылауын, одан әрі 10 күн бойы күн сайын қоңырау шалу арқылы МСАК-тыңмедициналық бақылауын.Ресми және үкіметтік делегациялардың мүшелері, қызметтік және дипломатиялық паспорттардың иелері, авиакомпаниялардың ұшқыштары мен экипаж, локомотив бригадаларының мүшелері, теміржол көлігінің тасымалдау қызметімен айналысатын адамдар және бірінші санаттағы елдерден келген жүктерді автомобильмен халықаралық тасымалдауды жүзеге асыратын жүргізушілер екінші санаттағы ретінде тұрғылықты(келген)  жері бойынша  медициналық бақылауға жатады.

         3) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес КВИ-мен сырқаттанушылық бойынша қолайсыз елдерден (үшінші санат) келген адамдарды ҚР шекарасынан өткен күннен бастап 24 күн бойы тұрғылықты жері бойынша МСАК-та медицина қызметкері қоңырау шалу арқылы бақылауды;

         4) КВИ бойынша қолайсыз елдерден келген адамдарды оқшаулау үшін үй-жайларды,сондай-ақ КВИ-ға күдікті пациенттерді емдеуге жатқызу үшін қажетті төсек орны бар стационарларды ұйымдастыруды қарастыруды;

         5) халықты коронавирустық инфекцияның таралуы бойынша ағымдағы эпидемиологиялық жағдай және өңірде қабылданатын шаралар туралы ақпараттандыруды қамтамасыз етсін.

  1. Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің көліктегі департаментінің, аумақтық департаменттерінің басшылары:
  • ҚХР-мен шекарадағы шекара және кеден бекеттерінің басшыларымен бірлесіп Достық және Алтынкөл уақытша сақтау қоймаларындағы, сондай-ақ ҚХР-мен шекарадағы автомобиль өткізу жолдарындағы теміржол-жол жүк құрамдарының қозғалысына, оларды түсіруге және қалыптастыруға тартылған адамдардың қозғалысын, тұру, медициналық бақылау схемаларын әзірлеуді және барлық мүдделі ұйымдармен келісуді;
  • ҚР азаматтары, шетелдік азаматтардың жалпы саны бойынша бөліп көрсете отырып, ҚХР-дан, сондай-ақ коронавирустық инфекциямен сырқаттанушылық бойынша өзге де қолайсыз елдерден келген шетелдік азаматтарды бөлек есепке ала отырып, ҚР шекарасына өтетін адамдар туралы күн сайын мониторингілеуді және өткен тәуліктегі ақпаратты келесі күнгі сағат 02-00-ге дейін ұсынуды;
  • шетелден келетін адамдарғаосы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес хабарламалар таратуды және олардысақтау қажеттілігі туралы ақпараттандыруды қамтамасыз етсін.
  1. ҚР ДСМ Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығы күн сайын сағат 19.00-ге дейінТауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетіне,облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменттеріне және денсаулық сақтау басқармаларынасанаттар бөлігінде коронавирустық инфекциямен сырқаттанушылық бойынша қолайсыз елдердің тізбесін жіберсін.

4.Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің аумақтық, көліктегі департаменттерінің, облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының денсаулық сақтау басқармаларының басшылары:

         1) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі 2020 жылғы 3 ақпанда бекіткен «Жаңа короновирустық инфекцияға күдікті науқастар анықталған кезде жүргізілетін санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шаралар алгоритміне» сәйкес санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық шараларды өткізуді;

2) коронавирустық инфекцияның таралуы бойынша ағымдағы эпидемиологиялық жағдай және өңірлерде қолданылатын шаралар туралы халықты ақпараттандыруды;

3) жергілікті атқарушы органдардың мүдделі ведомстволарынан азаматтардың көп болатын объектілерінде дезинфекциялау режимін күшейтуді талап етуді, сондай-ақ мектепке дейінгі балалар мекемелеріне, мектептерге және орта арнаулы оқу орындарына балаларды қабылдау кезінде міндетті таңертеңгілік сүзгіні өткізуді қамтамасыз етсін.

  1. Осы қаулының орындалуы туралы ақпарат осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының Жедел орталығына күн сайын сағат 06-00-ге және 16-00-ге ұсынылсын.
  2. Осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысының күші жойылды деп саналсын.

7.Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

8.Осы қаулы 2020 жылғы 1 наурызданбастап күшіне енеді.

 

 

Қазақстан Республикасының

 Бас мемлекеттік

 санитариялық дәрігеріЖ. Бекшин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасының

Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің

2020 жылғы 25 ақпандағы

№ 9-ПГВр қаулысына

1-қосымша

 

Қосымша

 

COVID-19 коронавирустық инфекция бойынша қолайсыз елдер

 

1 а) санат

ҚХР

Иран

 

 

1 б) санат

ҚХР Гонконг АӘА

ҚХР Макао АӘА

Тайвань (ҚХР) Оңтүстік Корея Жапония

Италия

 

 

2 санат

Сингапур

 

Таиланд

 

Азербайжан

 

 

3 санат

Германия

 

АҚШ

 

БАӘ

 

Ұлыбритания

 

Франция

 

Бахрейн

 

Кувейт

 

Испания

 

Малайзия

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасының

Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері орынбасарының

2020 жылғы 25 ақпандағы

№  9-ПГВр қаулысына

2-қосымша

Хабарлама

Құрметтіазамат!

Қытай Халық Республикасында коронавирустық инфекцияның жаңа типінің өршуінің жариялануына байланысты және инфекцияның әкелінуі мен таралуының алдын алу, сондай-ақ Қазақстан Республикасында халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз ету мақсатындаСізденөз денсаулығыңыздысақтау мақсатында мынадай профилактика шараларын сақтауды сұраймын:

  • дене қызуын күніне кемінде 2 рет өлшеу;
  • үй-жайды күніне кемінде 2 рет желдету;
  • күн сайын ылғалды жинауды жүргізу;
  • қолды сабынмен жиі жуу;
  • жеке ыдысты, жеке гигиена құралдарын (сүлгі, сабын, тіс пастасы, қырыну құралдары және т.б.) пайдалану;
  • аурудың белгілері (дене қызуының жоғарылауы, мұрынның бітелуі, жөтел және басқалар) пайда болған кезде жедел жәрдем шақыру;
  • жөтелу әдебін сақтау (қашықтықты сақтаңыз, жөтелгенде және түшкіргенде ауызды бір рет қолданылатын сүлгілермен немесе киіммен жабыңыз және қолды жуыңыз).

 

Оқшауланған адам үйдегі карантин жағдайларында:

  • жақсы желдетілетін жеке бөлме бөлінуі;
  • оған басқа адамдардың келуін болдырмау;
  • оның халықтың көп жиналатын орындарына баруын болдырмау;
  • қоғамдық көлікті пайдаланбауы қажет.

Тұрғындарға арналған профилактика шаралары                                         

  1. Дене қызуынкүніне кемінде 2 рет өлшеу;
  2. Профилактика шараларын сақтау:
  • үй-жайды күніне кемінде 2 рет желдету;
  • күн сайын ылғалды жинауды жүргізу;
  • қолды сабынмен жиі жуу;
  • жеке ыдысты, жеке гигиена құралдарын (сүлгі, сабын, тіс пастасы, қырыну құралдары және т.б.) пайдалану;
  1. Дене қызуы бар адамдар қоғамдық орындарға бармауы және медициналық көмекке уақтылы жүгінуі керек;
  2. 1406 телефоны арқылы күдікті жағдайлар және қол жеткізілмеген медициналық көмек туралы хабарлау.

Қазақстан Республикасының

Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері орынбасарының

2020 жылғы 25 ақпандағы

№  9-ПГВр қаулысына

3-қосымша

 

 

 

 

 

 

Өңірдіңатауы

І САНАТ

Барлығы, оның ішінде:

ҚР азаматтары

шетелазаматтары

оныңішінде ҚХР азаматтары

емдеугежатқызылды

шығарылды

қашықтанбақылауда (10 күн)

алынды

емдеугежатқызылды

шығарылды

қашықтанбақылауда (10 күн)

алынды

емдеугежатқызылды

шығарылды

қашықтанбақылауда (10 күн)

алынды

емдеугежатқызылды

шығарылды

қашықтанбақылауда (10 күн)

алынды

                                     

 

Кестеніңжалғасы

ІІ САНАТ

Барлығы, оныңішінде:

ҚР азаматтары

шетелазаматтары

оныңішінде ҚХР азаматтары

медициналықбақылауда (14 күн)

қашықтанбақылауда (10 күн)

алынды

медициналықбақылауда (14 күн)

қашықтанбақылауда (10 күн)

алынды

медициналықбақылауда (14 күн)

қашықтанбақылауда (10 күн)

алынды

медициналықбақылауда (14 күн)

қашықтанбақылауда (10 күн)

алынды

                       

 

Кестенің жалғасы

ІІІ САНАТ

Барлығы, оныңішінде:

ҚР азаматтары

шетелазаматтары

оныңішінде ҚХРазаматтары

қашықтанбақылауда (24күн)

алынды

қашықтанбақылауда (24 күн)

алынды

қашықтанбақылауда (24 күн)

алынды

қашықтанбақылауда (24 күн)

алынды

               

 

 

Қазақстан Республикасының

Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері орынбасарының

2020 жылғы 25 ақпандағы

№  9-ПГВр қаулысына

4-қосымша

 

 

Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің күші жойылған қаулыларының тізбесі

 

 

1) «Қазақстан Республикасындакоронавирустық инфекцияның профилактикасы шараларын одан әрі күшейту туралы»Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 15 ақпандағы №4-ПГВр қаулысы;

2) «Қазақстан Республикасындакоронавирустық инфекцияның профилактикасы шараларын одан әрі күшейту туралы»Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері орынбасарының 2020 жылғы 17 ақпандағы №5-ПГВр қаулысы;

3) «Қазақстан Республикасындакоронавирустық инфекцияның профилактикасы шараларын одан әрі күшейту туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері орынбасарының 2020 жылғы 17 ақпандағы № 5-ПГВр қаулысына өзгерістер енгізу туралы»Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері орынбасарының2020 жылғы 20 ақпандағы №7-ГВр қаулысы. 

информация
Дата публикации
02 марта 2020