Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Консулдық және визалық мәселелер

Консулдық бөлімнің жұмыс тәртібі:

Қазақстан Республикасының Эфиопия Федеративтік Демократиялық Республикасындағы Елшілігінің консулдық бөлімі дүйсенбіден жұмаға дейін жұмыс істейді. Сәрсенбі: құжаттарды өңдеуге арналған техникалық күн.  Сенбі және жексенбі - демалыс күндері, сәрсенбі. Консулдық бөлім Қазақстан Республикасының мереке күндері жұмыс істемейді.

Консулдық мәселелер бойынша келушілерді қабылдау демалыс, мереке күндерін және сәрсенбі күніні қоспағанда, күн сайын алдын-ала жазылу бойынша сағат 09.00-13.00-ге дейін жүргізіледі.

 

Консулдық округке келесі елдер кіреді:

  1. Эфиопия Федеративтік Демократиялық Республикасы; 2. Джибути Республикасы; 3.Конго Демократиялық Республикасы; 4. Сомали Федеративтік Республикасы; 5. Сейшелдер Республикасы; 6. Гана Республикасы; 7. Эритрея Мемлекеті; 8. Комор Аралдары Одағы.

Қазақстан Республикасының Эфиопия Федеративтік Демократиялық Республикасындағы Елшілігінің консулдық бөлімі мәліметтер

Азамат Қуанышқалиұлы Серік, Бірінші хатшы-консул

Тел.: +251-945-051-624

e-mail:  visa-addis@mfa.kz, kazembethiopia@gmail.com

 

Өтініш беру және құжаттарды ресімдеу тәртібі:

  1. Консулдық қызметтерді алу үшін өтінішті және құжаттардың көшірмелерін (талаптарға сәйкес - https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-addis-ababa/documents/details/adilet/V1600014531?lang=kk) visa-addis@mfa.kz электрондық поштасына алдын-ала жолдау қажет.
  2. Құжаттардың талаптарға сәйкестігі туралы жауап алғаннан кейін, консулдың қызметкердің қабылдауына visa-addis@mfa.kz электрондық поштасы арқылы жазылып, құжаттардың түпнұсқаларын жеке ұсыну және сұхбаттасудан өту қажет.
  3. Консулдық қызметкерден қабылдауды растайтыны туралы жауап алғаннан кейін, құжаттарды толтыру және сұхбаттан өту үшін көрсетілген күні консулдық бөлімге азаматтың жеке өзі келуі тиісті.

Азаматтарды қабылдау - Қазақстан Республикасының демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі, сәрсенбі және жұма 09.30-дан 12.00-ге дейін.

Өтініш берушілердің жеке қатысуы міндетті екендігіне назар аударамыз.

 

Құжаттарды қабылдау:

Дүйсенбі, сейсенбі, бейсенбі, жұма 09.30-дан 12.00-ге дейін

Құжаттарды беру:

Дүйсенбі, сейсенбі, бейсенбі, жұма сағат 16.00-ден 17.00-ге дейін

 

Консулдық алымдарды төлеу:

Барлық төлемдер Қазақстан Республикасының Эфиопиядағы Елшілігінің консулдық шотына мынадай деректемелер бойынша жасалуы тиісті:Kazakhstan Embassy consular Fees, Account number: 1000143251253/ Барлық төлемдер АҚШ долларымен қабылданатынына назар аударамыз.

Эфиопияның Ұлттық мереке күндері жергілікті банктер жұмыс істемейтінін ескеруді сұраймыз: 1) 7 қаңтар, Эфиопияда Иса Пайғамбардың туған күні; 2) 19 қаңтар, Эфиопиядағы шоқыну мерекесі; 3) 2 наурыз, Эфиопиядағы Адуа шайқасындағы жеңіс күні; 4) 1 мамыр, Эфиопиядағы еңбек мерекесі; 5) 28 мамыр, Эфиопиядағы Дерг билігінің құлаған күні; 6) 11 қыркүйек, Энкутаташ — эфиопиялық Жаңа жыл; 7) 27 Қыркүйек, Эфиопиядағы Маулид ән-Наби (Мұхаммед Пайғамбардың дүниеге келуі); 8) 28 қыркүйек, Шынайы кресттің ашылуы (Мескел); 9) 28 желтоқсан, Кулуби Габриэль — Эфиопиядағы Әулие Жәбірейіл күні.

 

ҚР азаматтарына арналған арнайы “жедел желі” (24/7)

+251 945 051 624,  kazembethiopia@gmail.com

+251 116 67 33 54,  visa-addis@mfa.kz

 

Қазақстан Республикасының мереке күндері (жұмыс істемейтін күндер)

1-2 қаңтар, Жаңа жыл (1 қаңтар жексенбіден 3 қаңтар сейсенбіге ауыстырылады)

7 қаңтар, Рождество Христово мерекесі

8 наурыз, Халықаралық әйелдер күні

21-23 наурыз, Наурыз мейрамы

1 мамыр, Қазақстан халқының бірлігі мерекесі

7 мамыр,  Отан қорғаушылар күні

9 мамыр, Жеңіс күні

6 шілде, Астана Күні

30 тамыз, Қазақстан Республикасының Конституция Күні

25 қазан, Республика күні

16 желтоқсан, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні

 

Шетелдік азаматтарға арналған Қазақстан Республикасының визалық тәртібі https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/article/details/6764?directionId=3053&lang=ru

 

Қазақстан Республикасының визасын ресімдеуге арналған құжаттар тізімі:

1) көлемі 3.5х4.5 сантиметр түрлі-түсті немесе ақ-қара фотосуреті бар визалық сауалнама - 1 дана (өтініш басып шығарылуы және толтырылуы қажет);

2) визалық қолдау нөмірі бар Қазақстан Республикасынан шақырудың көшірмесі;

3) ҚР ІІМ шақыруының болуы талап етілмейтін виза алушылардың мынадай санаттарының қолдаухаты - 1 дана:

- мемлекеттер тізімінде көрсетілген елдердің азаматтары (виза алудың жеңілдетілген рәсімі бойынша) - “А3”, “В1”, “В3”, “В10” және “В12”;

- бұрынғы отандастарға (Қазақстан Республикасымен байланысын растайтын құжаттары, оның ішінде Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасында немесе Қазақстан Республикасында туған жері туралы бағанда Ұлттық паспортта, туу туралы куәлікте немесе Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының немесе Қазақстан Республикасының Неке қию туралы куәлігінде тиісті белгісі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығу туралы анықтамасы бар немесе Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтқаны) - “В10”;

- шетелдіктер немесе азаматтығы жоқ адамдар - “В4”, “В5”, “ В8”, “В10” (жерлеуге немесе туыстары/жақындары ауырған жағдайда, ҚР азаматтарының отбасы мүшелеріне немесе ата-аналарына, сондай-ақ олардың заңды өкілдеріне, этникалық қазақтардың отбасы мүшелеріне - бір мәртелік виза), “В13”, “С1”, “С2”, “С4” (бір мәртелік виза 90 тәулікке дейін) және “С10”;

4) шет мемлекеттің жарамды дипломатиялық, қызметтік, шетелдік паспорты, түпнұсқасы және 1 көшірмесі (паспорттың қолданылу мерзімі сұрау салынған визаның қолданылу мерзімінен кемінде 3 айға асып тұруы тиісті. Паспортта кем дегенде бір бос бет болуы керек);

5) тұрақты тұру, іскерлік немесе инвесторлық мақсаттар бойынша ұзақ тұруға, еңбек қызметін жүзеге асыруға, білім алуға рұқсатты растайтын құжат, түпнұсқа және 1 көшірме;

6) 1-ші қосымшаға сәйкес виза алу үшін қажетті қосымша құжаттар (сұралатын виза санатына байланысты) - мұнда қараңыз;

7) консулдық алымның төленгенін растайтын құжат.

 

Визаны рәсімдеу үшін төленетін консулдық алымдар:

 

- бір мәртелік виза (туристік және транзиттік визадан басқа) - 80 АҚШ доллары;

- көп мәртелік виза - (туристік және транзиттік визадан басқа) - 200 АҚШ доллары;

- туристік бір мәртелік  виза - 60 АҚШ доллары;

- туристік көп мәртелік виза - 90 АҚШ доллары;

- транзиттік бір мәртелік виза - 20 АҚШ доллары;

- транзиттік көп мәртелік виза – 90 АҚШ доллары.

 

Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 629-шы бабының 7-ші тармағына сәйкес, төленген консулдық алым қайтарылуға жатпайтынына назар аударамыз.

Құжаттар азаматтардың жеке өзі (соттың әрекетке қабілетсіз деп таныған балалар мен азаматтар үшін, олардың заңды өкілдері (ата-аналар, қорғаншылар, қамқоршылар) немесе өкілдік ету өкілеттігін растайтын құжаттарды ұсына отырып) қабылданады және беріледі.

Документы
Новости
Полезные материалы
Медиагалерея
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

facebook
twitter
Instagram
youtube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары