
Қазақстан Республикасының Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Елшісі Мадияр Меңілбеков бүгін "Әл-Баян" газетіне берген сұхбатында Біріккен Араб Әмірліктері мен Израиль Мемлекеті арасындағы бейбіт келісім Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің белгілі қарарларына және араб елінің бейбітшілік бастамасына сәйкес екі мемлекет қағидасы негізінде Палестина мәселесін бейбіт жолмен реттеуге оң ықпал етеді деген үмітін білдірді.
Сондай-ақ, Елші басқа мемлекеттермен қарым-қатынастарды орнату мен дамыту елдердің егеменді құқығы екенін атап өтіп, Қазақстан Республикасы Біріккен Араб Әмірліктері мен халықаралық қоғамдастықтың Таяу Шығыс мәселесін реттеуге бағытталған күш-жігерін, сондай-ақ ұзақ уақыт бойы жалғасып келе жатқан Таяу Шығыс мәселесіне қатысты қалыптасқан халықаралық-құқықтық базаға қарама-қайшы келмейтін кез-келген халықаралық бастамаларды қолдайтынын жеткізді.