
Әбу Даби, 2024 жылғы 19 қараша. Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі мен БАӘ Федералдық Ұлттық Кеңесі Парламентаралық ынтымақтастық топтарының кезекті кездесуі онлайн форматта өтті.
Кездесу барысында екіжақты ынтымақтастықты нығайту, оның ішінде екі ел арасындағы парламентаралық байланыстарды дамыту мәселелері талқыланды.
ҚР Парламенті Мәжілісі Ынтымақтастық тобының төрағасы Мұқаш Ескендіров Қазақстан Республикасы Достық топтары мен салалық комитеттер арасындағы ықпалдастықтың рөлін, сондай-ақ Парламент төрағаларының өзара сапар алмасуы парламентаралық байланыстарды нығайтуға тың серпін беретінін атап өтті.
Өз кезегінде БАӘ Федералдық Ұлттық Кеңесі Достық тобының жетекшісі Мұхаммед Әл Әли Қазақстан Парламентімен ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға бейілді екенін растады.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар екіжақты қатынастарды одан әрі дамытуға уағдаласты.