
Әбу Даби, 2024 жылғы 24 қазанда Dubai EXPO City аумағында Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрі А.А Шакқалиев пен Қазақстанның БАӘ-дегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Нажмедин Мұхаметәліұлының БАӘ-ның Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі Мемлекеттік министрі және Expo City Dubai бас атқарушы директоры Рим Ибраһим әл-Хашимимен кездесуі өтті.
Кездесу барысында Қазақстан мен БАӘ арасындағы сауда-экономикалық байланыстарды кеңейтуге қатысты ауқымды мәселелер талқыланды.
Тараптар екі ел басшылары белгілегендей, екіжақты сауда айналымын 1 миллиард АҚШ долларына дейін жеткізу жоспарларын растады. Қазақстан мен БАӘ стратегиялық серіктестер болып табылатыны және инвестициялық және сауда ынтымақтастығын кеңейтудің жоғары әлеуеті бар екендігі ерекше атап өтілді.
Сондай-ақ, Дубайдағы Қазақстанның Сауда Үйінің рөлі аталып өтті, ол Қазақстанның өнімдері мен қызметтерін БАӘ нарығына ілгерілетуде маңызды құрал болып табылады.
Әмірліктер тарапы Қазақстанды БАӘ-де өтетін IT-технологиялар, өнеркәсіп, азық-түлік және агроөнеркәсіптік кешен (АӨК) салаларындағы алдағы халықаралық көрмелерге қатысуға шақырды.
Тараптар барлық бағыттар бойынша ынтымақтастықты кеңейтуге деген ниеттерін растады.