Қазақстан Елшісі Әбу Даби әмірлігі билеуші әлуетінің аға өкілімен кездесті

Қазақстан Елшісі Әбу Даби әмірлігі билеуші әлуетінің аға өкілімен кездесті

Абу-Даби, 2024 жылғы 22 қазан – Қазақстан Республикасының Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Елшісі Нажмедин Мұхаметәліұлы Әбу Даби әмірлігінің билеуші әулетінің аға өкілі шейх Сурур бен Мұхаммед Әл Наһаянмен кездесті.

Кездесу барысында тараптар негізгі бағыттарда өзара ынтымақтастықты нығайтудың перспективаларын талқылады. Қазақстандық дипломат Әмірліктер компанияларының жоғары әлеуетін атап өтіп, олардың ірі жобаларды іске асырудағы табысты тәжірибесін атап көрсетті. Сондай-ақ Әмірліктердің бизнес-құрылымдарының өзара мүдделі бастамаларға кеңінен қатысуына қызығушылық білдірді.

Өз кезегінде, шейх Сурур бен Мұхаммед Әл Наһаян екіжақты байланыстарды одан әрі нығайтуға сенім білдіріп, екі ел арасындағы қарым-қатынастың оң динамикасын атап өтті.