Қазақстан мен БАӘ туризм саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда

Қазақстан мен БАӘ туризм саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда

Рас-әл-Хайма, 2024 жылғы 16 қазан – Қазақстанның Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Елшісі Нажмедин Мұхаметәліұлы Рас-әл-Хайма әмірлігінің Туризмді дамыту департаментінің басшылығымен кездесті.

Кездесу барысында тараптар туризм саласындағы ынтымақтастықты дамытуға қатысты бірқатар мәселелерді талқылады. Туристік бағыттарды ілгерілету тәжірибесімен алмасуға, сондай-ақ туризм инфрақұрылымына инвестициялар үшін қолайлы жағдайлар жасауға ерекше назар аударылды.

Қазақстандық дипломат туристік алмасуды жандандырудың, сондай-ақ мәдени және экономикалық байланыстарды нығайтудың маңыздылығын атап өтті.

Әмірліктер тарапы Қазақстанмен ынтымақтастықты нығайтуға қызығушылық білдірді.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар өзара тиімді ынтымақтастықты дамыту бойынша жұмысты жалғастыруға келісті.