ҚР БАӘ-дегі Елшілігі референдумды қорытындылады

ҚР БАӘ-дегі Елшілігі референдумды қорытындылады

Қазақстан Республикасының Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Елшісі Нажмедин Мұхаметәліұлының төрағалығымен өткен жиында №415 сайлау учаскесіндегі дауыс беру шарасы  қорытындыланды.

Елімізде атом электр станциясын салу мәселесіне қатысты референдум бойынша Әбу Дабидегі №415 сайлау учаскесіне Әмірліктерде тұратын және осы күні түрлі себеппен БАӘ-де болған 123 Қазақстан азаматы келіп, дауыс берді. Бұл жалпы учаскеге тіркелген дауыс беруші отандастарымыздың 90 пайыздан астамын құрайды. Сайлау учаскесіне келген азаматтар еліміздің келешек даму барысында аса маңызды рөл атқаратын АЭС салу мәселесіне бей-жай қарамайтынын көрсетіп, өздерінің азаматтық борышын белсенді өтеді.

Дауыс беруге келген еліміздің азаматтары Елшілікте ұлттық тағамымыз – бауырсақтан дәм татты және оларға Қазақстан шоколады сияқты отандық өнім ұсынылды.