
Әбу Даби, 2024 ж. 6 қазан – Қазақстан Республикасының Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Елшілігінің жанындағы № 415 сайлау учаскесі 2024 жылғы 6 қазанда жергілікті уақыт бойынша сағат 20:00-де өз жұмысын аяқтады.
БАӘ-де тұрып жатқан және түрлі себеппен референдум өтетін күні Әмірліктерде болған Қазақстан азаматтары №415 сайлау учаскесіне келіп, дауыс берді. Дауыс беру шарасы жоғары деңгейде өтті.