
Әбу Даби, 2024 ж. 6 қазан – Қазақстан Республикасының Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Елшілігінің жанындағы № 415 сайлау учаскесі 2024 жылғы 6 қазанда жергілікті сағат 07:00-де өз жұмысын бастады.
Біріккен Араб Әмірліктерінде тұрып жатқан Қазақстан азаматы Асанова Балнұр өзінің азаматтық борышын өтеп, республикалық референдумда бірінші болып дауыс берді.