Қазақстан Елшісі Біріккен Араб Әмірліктерінің Инвестиция министрімен кездесті

Қазақстан Елшісі Біріккен Араб Әмірліктерінің Инвестиция министрімен кездесті

Абу Даби, 2024 ж. 2 қазан – Қазақстанның Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Елшісі Нажмедин Мұхаметәліұлы БАӘ Инвестиция министрі және «ADQ» холдингінің басқарушы директоры Мұхаммед Хасан әл-Сувейдимен кездесті.

Тараптар екі ел арасындағы ынтымақтастықтың қарқынды дамып келе жатқанын атап өтіп, бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға ерекше назар аударды.

Кездесу барысында Қазақстан аумағында Әмірліктер компаниялары қатысатын жобалардың іске асырылу барысы талқыланды.

Қазақстандық дипломат елімізде жұмыс істейтін инвесторларға мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдау шаралары жөнінде айтып берді.

Кездесудің қорытындысы бойынша тараптар жемісті ынтымақтастықты одан әрі жалғастыру жөнінде уағдаластықтарға қол жеткізді.