Қазақстан мен Әмірліктер сауда-экономикалық байланыстарды нығайтуға мүдделі

Қазақстан мен Әмірліктер сауда-экономикалық байланыстарды нығайтуға мүдделі

Абу Даби, 2024 ж. 1 қазан, Қазақстанның Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Елшісі Нажмедин Мұхаметәліұлы БАӘ Сыртқы сауда мәселелері жөніндегі мемлекеттік министрі Тани бен Ахмед әл-Зейюдимен кездесті.

Тараптар екіжақты ынтымақтастықтың негізгі мәселелерін, оның ішінде өзара сауда көлемін арттыруға бағытталған нақты шараларды талқылады.

Қазақстандық дипломат еліміздің көлік-логистикалық әлеуетіне және Еуразияның төрінде стратегиялық тұрғыдан ұтымды орналасқанына назар аударды. БАӘ министрі екі ел арасындағы сауда-экономикалық қатынастардың әлеуеті зор екенін атап өтті.

Кездесудің қорытындысы бойынша тараптар жемісті ынтымақтастықты одан әрі жалғастыру жөнінде уағдаластықтарға қол жеткізді.