
Алматы, 2024 жылғы 25 қыркүйек, Біріккен Араб Әмірліктерінің Энергетика және инфрақұрылым министрі Сухейл әл-Мазруидің Қазақстанға жұмыс сапары шеңберінде Қазақстан мен Әмірліктердің инвестициялық ынтымақтастығы жөнінде дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Іс-шараға «Астана» халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Ренат Бектұров, Қазақстанның Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Елшісі Нажмедин Мұхаметәліұлы, сондай-ақ екі елдің салалық ведомстволары мен мүдделі компанияларының өкілдері қатысты.
Дөңгелек үстел барысында жаңартылатын энергия көздері, көлік, логистика, қаржы, білім беру және басқа да салалардағы бірлескен инвестициялық жобалардың жүзеге асырылу барысы талқыланды.
Жиын қорытындысы бойынша екіжақты инвестициялық ынтымақтастықты жан-жақты дамыту жөніндегі уағдаластыққа қол жеткізілді.