
Алматы, 2024 жылғы 25 қыркүйек, Біріккен Араб Әмірліктерінің Энергетика және инфрақұрылым министрі Сухейл әл-Мазруи бастаған делегация 29-шы Халықаралық «Мұнай және Газ» көрмесі мен конференциясына (KIOGE) қатысты.
Конференция шеңберінде Сухейл әл-Мазруи Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевпен кездесті.
Кездесу барысында екі ел арасындағы энергетика саласындағы байланыстардың қазіргі жағдайы және инвестициялық ынтымақтастықты дамыту мәселелері қарастырылды.
Іс-шараның қорытындысы бойынша Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірліктері арасындағы ынтымақтастықты жан-жақты дамыту жөніндегі уағдаластыққа қол жеткізілді.