Қазақстанның Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Елшісі Нажмедин Мұхаметәліұлы Әбу Даби әмірлігінің билеуші әулетінің аға өкілі шейх Сурур бен Мұхаммед Әл Наһаянмен кездесу өткізді.
Кездесу барысында екі елдің сауда-экономика, инвестиция салаларындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайту мәселелері қарастырылды. Қазақстан дипломаты бұл бағытта Әмірліктер компанияларының әлеуеті мен тәжірибесі мол екенін атап өтіп, оларды өзара қызығушылық тудыратын салалардағы жобаларға белсенді қатысуға шақырды.
Өз кезегінде шейх Сурур бен Мұхаммед Әл Наһаян былтыр Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездескенін айтып, екі ел қатынастарының қарқынды дамып келе жатқанына назар аударды.
Кездесу соңында тараптар әртүрлі сала бойынша екі ел арасындағы байланыстарды одан әрі дамытуға ниетті екенін жеткізді.