
Әбу Даби, 2024 жылғы 09 қыркүйек – Қазақстанның Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Елшісі Нажмедин Мұхаметәліұлы БАӘ Федералдық ұлттық кеңесінің төрағасы Сақр Гобашпен кездесті.
Кездесу барысында екі ел арасындағы ынтымақтастыққа, оның ішінде екі елдің парламентаралық байланыстарына қатысты мәселелер талқыланды.
Қазақстан дипломаты Достық топтары мен салалық комитеттердің тығыз қарым-қатынастарының маңызды рөлін, сондай-ақ Парламент төрағаларының өзара сапар алмасуы осы бағыттағы байланыстарға тың серпін беретінін атап өтті. Сонымен қатар Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен жүргізіліп жатқан саяси, әлеуметтік-экономикалық реформаларға назар аударды.
Өз кезегінде Сақр Гобаш халықаралық ынтымақтастыққа ашық екенін растай отырып, тәжірибе және сапар алмасу арқылы Қазақстан Парламентімен тығыз байланыстарды дамытуға ниетті екенін жеткізді.
Кездесу соңында тараптар екіжақты қарым-қатынасты одан әрі нығайтуға уағдаласты.