
Абу Даби, 2024 ж. 12 шілде, Қазақстанның Әмірліктердегі Елшісі Нажмедин Мұхаметәліұлы Біріккен Араб Әмірліктерінің Энергетика және инфрақұрылым министрі Сухейл әл-Мазруимен кездесті.
Кездесу барысында екі ел арасындағы үкіметаралық стратегиялық инвестициялық жобаларды құру туралы бірлескен декларацияның жүзеге асу барысы, сондай-ақ екі ел арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық ынтымақтастық мәселелері талқыланды.
Қазақстандық дипломат Әмірліктермен жаңартылатын энергия көздері, транспорт, логистика, жасанды интеллект, білім беру дәне т.б. салаларда жүзеге асып жатқан инвестициялық жобалардың маңыздылығын атап өтті.
Өз кезегінде С.әл-Мазруи Қазақстанмен сауда-экономикалық және инвестициялық ықпалдастықты одан әрі дамытуға мүдделігін растады.
Тараптар екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамыту мақсатында бірлесіп жұмысты жалғастыру жөнінде уағдаластыққа қол жеткізді.