Қазақстанның Елшісі Әмірліктердің Әділет министрімен кездесті

Қазақстанның Елшісі Әмірліктердің Әділет министрімен кездесті

Абу Даби 2024 жылғы 4 шілде – Қазақстан Республикасының Әмірліктердегі Елшісі Нажмедин Мұхаметәліұлы Біріккен Араб Әмірліктерінің Әділет министрі Абдалла бен Султан әл-Нуеймимен кездесті.

Кездесу барысында тараптар қылмыстық-құқықтық саладағы екіжақты ынтымақтастықтың, атап айтқанда іздеуде жүрген адамдарды экстрадициялаудың, қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек көрсетудің бірқатар мәселелерін талқылады.

Әмірліктердің Әділет министрі Қазақстанмен қарым-қатынастардың даму динамикасына оң бағасын бере отырып, талқыланған барлық мәселелер бойынша тиісті қолғабыс көрсетуге дайындығын білдірді.

Тараптар екі ел  арасындағы серіктестікті одан әрі дамыту мен  нығайту мақсатында барлық күш-жігерлерін жұмылдыратынын атап өтті.