
Абу Даби 2024 жылғы 26 маусым – Қазақстан Республикасының Әмірліктердегі Елшісі Нажмедин Мұхаметәліұлы Біріккен Араб Әмірліктерінің Сыртқы істер министрі шейх Абдалла бен Заид Әл Наһаянмен кездесті.
Кездесу барысында тараптар Қазақстан-Әмірліктер ынтымақтастығының мәселелерін талқылады, сондай-ақ оны одан әрі дамыту перспективалары туралы пікір алмасты.
Екі ел арасындағы саяси диалогтың жоғары динамикасы және сауда-экономикалық, инвестициялық өзара іс-қимылдың белсенді дамуы аталып өтті.
Сұхбаттастар алдағы уақытқа жоспарланған екіжақты сапарлар мен іс-шаралар кестесін қарастырды. Көпжақты құрылымдар шеңберіндегі елдердің өзара іс-қимылына бөлек назар аударылды.
Тараптар Қазақстан мен БАӘ арасындағы серіктестікті одан әрі нығайтуға және дамытуға әзірлік танытты.