«Ұлттық гендік банктерді дамыту» виртуалды семинарының ашылу сессиясы

«Ұлттық гендік банктерді дамыту» виртуалды семинарының ашылу сессиясы

5-6 шілде аралығында Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам Ұйымы (АҚИҰ) мен Біріккен Араб Әмірлітерінің (БАӘ) Азық-түлік қауіпсіздігі министрлігі ұйымдастырған Ислам Ынтымақтастығы Ұйымының мүше елдер арасындағы «Ұлттық гендік банктерді дамыту» виртуалды семинарының ашылу сессиясына Қазақстан Республикасының БАӘ-дегі Елшісі М.Меңілбеков қатысып, сөз сөйледі. Іс-шара барысында гендік банктердің азық-түлік пен ауылшаруашылығына генетикалық ресурстарды сақтаудағы рөлі мен маңызы, гендік банктерді дамытудағы елдердің тәжірибесі, осы саладағы тиісті келісімдер, ауылшаруашылық биоалуантүрлілік пен тұрақты тамақ жүйелері, АҚИҰ-ның ынтымақтастық жоспарын әзірлеу мәселелері талқыланды.

БАӘ-нің Азық-түлік қауіпсіздігі министрі Мариям әл-Мухейри мен іс-шараның халықаралық қатысушылар АҚИҰ-ның азық-түлік қауіпсіздігі қағидаттарын ілгерілетудегі белсенді рөлі мен күш-жігерін жоғары бағалады.