Дубайда "AIFC Connect: UAE 2024" іс-шарасы өтті

Дубайда "AIFC Connect: UAE 2024" іс-шарасы өтті

2024 жылғы 28 мамырда Дубай қаласында Астана халықаралық қаржы орталығының (AIFC) делегациясы Басқарушы Ренат Бектұровтың басшылығымен және Қазақстанның Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Елшілігінің, сондай-ақ Дубай қаласындағы Бас консулдығының қолдауымен "AIFC Connect: UAE 2024" іс-шарасын ұйымдастырды.

Іс-шараның мақсаты – Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктерін, оның Орталық Азиядағы экономикалық рөлін және AIFC қызметін таныстыру.

Қазақстанның Әмірліктердегі Елшісі Нажмедин Мұхаметәліұлы өзінің алғысөзінде экономикалық әлеует пен іскерлік мүддеге және өзара құрмет пен ортақ құндылықтарға негізделген екі ел арасындағы тығыз ынтымақтастықты атап өтті. Сонымен қатар, Қазақстан Елшісі екіжақты қатынастарды кеңейтуде маңызды рөл атқаратын экономикалық дипломатияның рөліне назар аударды. Қазақстан Елшілігі инвестициялар тарту және инвесторлар мен жергілікті бизнес арасындағы байланыстарды орнату бойынша белсенді жұмыс жүргізуде.

Іс-шараға 100-ден астам компаниялардан, инвестициялық банктерден, халықаралық қаржы, консалтингтік компаниялардан және заң фирмаларынан 130-дан астам өкіл қатысты.