Дубай кәсіпкерлер палатасы Алматыда өкілдік ашады

Дубай кәсіпкерлер палатасы Алматыда өкілдік ашады

2024 жылғы 27 мамыр, Дубай, Қазақстанның Әмірліктердегі Елшісі Нажмедин Мұхаметәліұлы Дубай кәсіпкерлер палатасының (Dubai chambers) Президенті Мұхаммед Әли Лутамен кездесті. Кездесу барысында тараптар екі елдің сауда-экономикалық қатынастары мен кәсіпкерлер палаталары арасындағы әріптестік мүмкіндіктерін талқылады. Сұхбаттасу аясында әмірліктер тарапы Алматыда Dubai Chambers өкілдігінің жақын арада ашылатынын хабарлады. Мұхаммед Әли Лута өкілдіктің ашылу мақсаты қазақстандық кәсіпкерлерге Дубайда компания ашуға жәрдемдесу, сондай-ақ өңірдегі бизнес жүргізуді қолдау үшін Орталық Азия хабын құру екенін атап өтті.