Қазақстанның Елшісі студенттерге еліміздегі саяси реформалар туралы және бұл бағытта еліміздің жастары қандай маңызды рөл атқаратынын қысқаша баяндап берді. Елші аталған университетте Қазақстаннан келген студенттердің 90%-ы грантта оқитынын және бұл Қазақстан білім беру жүйесіне деген жоғары баға екенін атап өтті.
Сондай-ақ, Қазақстан мен Әмірліктер арасындағы білім беру саласындағы ынтымақтастыққа назар аударды. Осы жылдың қыркүйек айында ҚР мен БАӘ арасындағы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім және ғылым саласындағы ынтымақтастық туралы хаттамаға қол қойғанын хабарлады.
Елші Қазақстан жастарын алдағы Президенттік сайлауға қатысуға және Қазақстанның болашағын айқындауда саналы азаматтық қоғамның бір бөлігі болуға шақырды.