Ү.ж. 30 қазанда Қазақстан Республикасының Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Елшілігінде ҚР-БАӘ дипломатиялық қарым-қатынастарының 30 жылдығына орай жергілікті сарапшылар мен БАҚ өкілдерінің қатысуымен баспасөз маслихаты ұйымдастырылды.
Іс-шара Қазақстан мен Әмірліктер дипломатиялық қарым-қатынастарының мерейтойы аясында екі ел арасындағы түрлі саладағы ынтымақтастығының жай-күйі мен даму перспективалары, сондай-ақ Қазақстандағы саяси және әлеуметтік-экономикалық реформаларға арналды.
ҚР БАӘ-дегі Елшісі М.Меңілбеков қатысушыларға екі ел басшылығының тығыз байланыстарының нәтижесінде жоғарғы және жоғары деңгейдегі өзара сапарлардың қарқындылығын атап өтіп, биыл қарашада ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрінің БАӘ-ге ресми сапары және оның аясында Үкіметаралық комиссияның кезекті отырысын өткізу жоспарланып отырғанын айтты.
Қазақстандық дипломат ү.ж. 20 қарашада Қазақстанда кезектен тыс президенттік сайлау өткізілетінін хабарлап, оның маңызы мен Әмірліктердегі сайлау учаскелері туралы ақпарат ұсынды.
Бұдан бөлек, биыл Қазақстанда өткен екі ауқымды халықаралық іс-шара - Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII Съезі және АӨСШК саммиті жөнінде кеңінен айтылды.
Әмірліктердің толеранттылық және қатар өмір сүру саласындағы тәжірибесі мен жетістіктерін ескере отырып, Съездің қорытынды декларациясының маңыздылығы талқыланды.
Іс-шара соңында қатысушылар көрсетілген тақырыптар бойынша пікір алмасты.