Қазақстан мен БАӘ инвестициялар, ақпараттық технологиялар және ЖИ саласындағы ынтымақтастықтың жаңа мүмкіндіктерін зерттеуде

Қазақстан мен БАӘ инвестициялар, ақпараттық технологиялар және ЖИ саласындағы ынтымақтастықтың жаңа мүмкіндіктерін зерттеуде

2022 ж. 27 маусымда ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары Т.Сүлейменов бастаған қазақстандық делегация БАӘ-ге сапармен барды.

Сапар аясында Т.Сүлейменов БАӘ Премьер-Министрінің орынбасары, Президент істері жөніндегі министр шейх Мансұр бен Заид Әл Нахаянмен келіссөздер жүргізді. Тараптар сауда-инвестициялық салада бұрын қол жеткізілген уағдаластықтардың орындалу барысын талқылап, екі мемлекеттің мүдделеріне жауап беретін ынтымақтастық қарқынын арттыруға өзара дайындығын білдірді.

Сонымен қатар, Қазақстан делегациясы Мұхаммед бен Заид атындағы жасанды интеллект университетінің және деректерді өңдеудің ақпараттық орталықтарының қызметімен танысты.