Kazak Bubble командасының Елші М.Меңілбековпен кездесуі

Kazak Bubble командасының Елші М.Меңілбековпен кездесуі

Қазақ тілі мен тілтану ғылымын зерттеп, көпке әйгілеумен айналысып жүрген Kazak Bubble командасы Қазақстан Республикасының Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Елшісі М.Меңілбековпен кездесті. Бұл елде көптеген қазақ азаматы жұмыс істеп, білім алып жүр. Олар атамекенінен жырақта ұлттық бірегейлігі мен тілін сақтап қалуға тырысатыны сөзсіз. Кездесуде туған жерден қашық жүрсең де, тілің мен мәдениетіңді қалай қолдауға болатынын талқыладық.

Презентацияны Назарбаев Университетінің магистранты, Kazak Bubble ғылыми-көпшілік жобасының авторы Бибарыс Сейтақ жүргізді.  «Qazaqsha Jaz», «Qazaq Grammar», «TezTap.kz» және тағы сол сияқты жаңа қозғалыстар, жобалар, бастамалар талқыланды. Сондай-ақ Қазақ Бабыл командасы қазақ тіліндегі сапалы мазмұн тұтынуға болатын үздік деп санайтын платформаларын ортаға салды.