
Ү.ж. 7 маусымда Елші М.Меңілбеков Мұсылман ақсақалдар кеңесінің Бас хатшысы Мұхаммед Әбдел Сәләммен кездесті.
Кездесу барысында биыл 14-15 қыркүйекте өтуі жоспарланған VII Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының Съезіне қатысу мәселелері талқыланды.
Кездесудің қорытындысы бойынша Тараптар Съез мәселесі және жалпы дін саласындағы ынтымақтастықты нығайту жөнінде уағдаластыққа қол жеткізді.