
Ү.ж. 6 маусымда Қазақстан Республикасының Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Елшісі М.Меңілбеков БАӘ Мемлекеттік министрі Ахмед Али әл-Сайехпен кездесті.
Кездесу барысында қазақстандық дипломат Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа Қазақстанды» құру бойынша жүргізіп жатқан саяси реформалары, оның ішінде 5 маусымда өткен Конституцияға түзетулер енгізу жөніндегі жалпыұлттық референдумның алдын-ала нәтижелері жөнінде хабардар етті.
БАӘ Мемлекеттік министрі Қазақстан Әмірліктер үшін достас мемлекет әрі Орталық Азия өңіріндегі маңызды әріптесі екенін алға тартып, қазіргі уақытта елде іске асып жатқан саяси және экономикалық реформаларды жоғары бағалайтынын атап өтті.
Кездесуде алдағы бірқатар маңызды іс-шаралаға, оның ішінде үкіметаралық комиссияның және СІМаралық консультациялардың кезекті отырыстарын өткізу, сондай-ақ 2022 жылғы 12-13 қазанда Нұр-Сұлтан қаласында өтетін АӨСШК саммиті мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Келіссөздер қорытындысы бойынша тараптар биыл дипломатиялық қарым-қатынастардың 30-жылдығы шеңберінде бірлесіп іс-шаралар ұйымдастыру маңыздылығын атап өтіп, Қазақстан мен Әмірліктер арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ниет білдірді.