Ү.ж. 25 мамырда Қазақстан Республикасының Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Елшісі М.Меңілбеков БАӘ Сыртқы істер және халықаралық ынтымақтастық министрлігі Консулдық мәселелер департаментінің Директоры Мажид әл-Мансуримен кездесті.
Кездесу барысында тараптар алдағы уақытта өтуі жоспарланған Қазақстан-Әмірліктер консулдық консультацияларының кезекті отырысын талқылап, күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.
Кездесудің қорытындысы бойынша консулдық саладағы ынтымақтастықты нығайту жөнінде уағдаластыққа қол жеткізілді.