Ү.ж. 18 мамырда Елші М.Меңілбеков Әл-Айн қаласында орналасқан БАӘ Университетінің Вице-ректоры профессор Ғалеб әл-Брейкимен кездесті.
Кездесу барысында Қазақстан мен БАӘ арасындағы білім саласындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды.
Сонымен қатар, Елші М.Меңілбеков БАӘ Университетінде бакавалавриат және докторантура бағдарлармалары арқылы білім алып жатқан қазақ студенттерімен кездесіп, олардың хал-жағдайларымен және оқу үлгерімімен танысты. М.Меңілбеков Қазақстандағы саяси-экономикалық реформалар, әсіресе 2022 жылғы 5 маусымда өтетін республикалық референдумға шығарылатын мәселелер жөнінде студенттерге егжей-тегжейлі баяндап берді.