Ү.ж. 9 мамырда Қазақстанның БАӘ-дегі Елшісі М.Меңілбеков Дубай қаласында өтіп жатқан «Arabian Travel Market 2022» көрмесі аясында Қазақстан стендінің ашылуы рәсіміне қатысты.
ATM – Таяу Шығыс өңіріндегі ең ірі туристік көрмелердің бірі. Туристік іс-шараға 112 елден 1500 астам компания қатысуда. Қазақстандық тоғыз компания келушілерді өз қызметтерімен таныстыруда.
Елші М.Меңілбеков «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ Басқарушы директоры» Д.Сержанұлымен және Алматы қаласы Туризм басқармасының басшысы С.Аманкелдімен кездесіп, туристік саланың әлеуетін, оның ішінде Қазақстанға Әмірліктерден туристерді тарту жолдарын талқылады. Келіссөздер барысында соңғы жылдары араб елдерінен, оның ішінде БАӘ-ден Қазақстанға баратын туристердің саны артып келетінін атап өтілді.