
Ү.ж. 13 сәуірде Қазақстанның БАӘ-дегі Елшісі М.Меңілбеков Мұсылман ақсақалдар кеңесінің Бас хатшысы Мұхаммед Абдел Саляммен кездесті.
Кездесу барысында биыл 14-15 қыркүйекте өтетін VII Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі мәселелерін талқыланды.
Кездесудің қорытындысы бойынша Съез мәселесі және жалпы дін саласындағы ынтымақтастықты нығайту жөнінде уағдаластыққа қол жеткізілді.