Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, сондай-ақ, екі ел арасындағы құқықтық саладағы қарым-қатынастарды дамытуға қосқан үлесі үшін ү.ж. 8 сәуірде Қазақстанның БАӘ-дегі Елшісі Мадияр Меңілбеков БАӘ Сыртқы істер және халықаралық ынтымақтастық министрлігі Халықаралық құқық департаментінің директоры Абдалла әл-Нақбиге «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерейтойлық медалін табыс етті.
Өз кезегінде, Абдалла әл-Нақби Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғысын білдіріп, БАӘ Сыртқы істер және халықаралық ынтымақтастық министрлігінің екі ел арасындағы қарым-қатынастарды одан әрі нығайтуға қолдауын растады.