Әбу Дабиде Президент Қ.Тоқаевтың Жолдауы талқыланды

Әбу Дабиде Президент Қ.Тоқаевтың Жолдауы талқыланды

2022 ж. 7 сәуірде Қазақстанның Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Елшісі М.Меңілбеков "Қазақстан достары клубының", сондай-ақ "әл-Иттихад", "әл-Баян", "әл-Халидж", "WAM" тәрізді БАӘ жетекші БАҚ өкілдерінің қатысуымен баспасөз конференциясын өткізді. Іс-шарада ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың "Жаңа Қазақстан: жаңару және жаңғыру жолы" атты Қазақстан халқына Жолдауы талқыланды.

Елші М.Меңілбеков баспасөз конференциясына қатысушыларды саяси реформалардың кең ауқымды бағдарламасымен және Мемлекет басшысының Жолдауында баяндалған "Жаңа Қазақстан" тұжырымдамасымен егжей-тегжейлі таныстырды. Қазақстандық дипломат өз сөзінде "Қазақстандағы ауқымды саяси реформалар елдің саяси дамуындағы жаңа кезеңнің басталуын білдіреді" деп атап өтті.

БАӘ сарапшылары Қазақстанды одан әрі демократияландыруға бағытталған жаңа саяси реформаларға үлкен қызығушылық танытты. Орталық Азия бойынша сарапшы Абдулуахид Абдулрахим өз сөзінде "ҚР Президенті Қ.Тоқаев ұсынған саяси реформалар Қазақстан тарихындағы өте ауқымды және маңызды болып табылады" деді. Оның  пайымдауынша, «реформалар әлемдік экономикалық дағдарыс дәуірінде Қазақстанның одан әрі дамуына негіз бола алады».

Іс-шара соңында қатысушылар Жолдауға қатысты пікір алмасты.