Ү.ж. 11 наурызда Қазақстанның БАӘ-дегі Елшісі М.Меңілбеков Әмірліктердің Толеранттылық және қатар өмір сүру министрі шейх Нахаян бен Мубарак Әл Нахаянмен, сондай-ақ Ислам және уақыфтар істері бойынша Бас басқарманың төрағасы Мұхаммед Матар әл-Каабимен кездесті.
Кездесулер барысында Елші М.Меңілбеков Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары Хатшылығының басшысы М.Әшімбаевтың атынан биыл қыркүйек айында жоспарланып отырған кезекті форумға шақыруды табыстады.
Тараптар Съездің бүгінгі күндегі өзекті рөлін, қоғамдар мен мемлекеттердегі бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайтудағы маңыздылығын талқылады.
Кездесулердің қорытындысы бойынша Тараптар ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға уағдаласты.