Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, сондай-ақ, екі ел арасындағы екіжақты сауда-инвестициялық қарым-қатынастарды дамытуға қосқан үлесі үшін ү.ж. 4 наурызда Қазақстанның БАӘ-дегі Елшісі Мадияр Меңілбеков Әбу Даби әмірлігі Сауда-өнеркәсіп палатасының Бас директоры Мұхаммед әл-Мухейриге «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерейтойлық медалін табыс етті.
Өз кезегінде, әл-Мухейри Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғысын білдіріп, Әбу Даби әмірлігі Сауда-өнеркәсіп палатасының екі ел арасындағы қарым-қатынастарды одан әрі нығайтуға қолдауын растады.