2022 жылғы 22 ақпанда Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғ.Исқалиевтің Әбу Дабиге жұмыс сапары өтті. Сапар аясында аймақ басшысы Әбу Даби билеуші отбасының аға мүшесі шейх Сурур бен Мұхаммед Әл Нахаянмен кездесті.
Келіссөздер барысында тараптар Батыс Қазақстан облысында мұнайды терең өңдеу бойынша модульдік зауыт құрылысының барысын талқылады. Сондай-ақ, тараптар жобаның аймақ үшін әлеуметтік-экономикалық маңыздылығын атап өтіп, оны табысты іске асыру үшін қажетті күш-жігерін салуға келісті.
Сонымен қатар, тараптар мұнай-газ және ауыл шаруашылығы саласындағы перспективалық инвестициялық өзара іс-қимылды қарастырды.