ҚР Елшісі БАӘ Ұлттық кітапханасы және архивтерінің Бас директорымен кездесті

ҚР Елшісі БАӘ Ұлттық кітапханасы және архивтерінің  Бас директорымен кездесті

Ү.ж. 7 ақпанда Қазақстанның Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Елшісі М.Меңілбеков БАӘ Ұлттық кітапханасы және архивтерінің Бас директоры Абдалла Мажид Әл Алимен кездесті.

Кездесу барысында екі мемлекеттің архивтері арасында ынтымақтастықты жандандыру мәселелері талқыланды.

Атап айтқанда, Қазақстанда «Архив-2025» жобасы іске асырылып жатқаны, оның ішінде шет мемлекеттермен тиісті екіжақты құжаттарға қол қою жоспарланып отырғаны жөнінде хабарланды.

Бұдан бөлек, кездесу шеңберінде ҚР мен БАӘ дипломатиялық қарым-қатынастарының 30-жылдығы аясында бірлесіп іс-шаралар өткізу мүмкіндігі талқыланды.

Атап айтқанда, ҚР мен БАӘ әр түрлі салалардағы өкілдердің қатысуымен бірлесіп дөңгелек үстел ұйымдастыру, екі елдің архивтерінде сақталған сирек суреттер мен құжаттарды пайдаланып арнайы фотоальбом басып шығару, сондай-ақ БАӘ Ұлттық кітапханасында қазақ әдебиетінің бұрышын ашу туралы уағдаластықтарға қол жеткізілді.

Кездесудің қорытындасы бойынша Тараптар екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға уағдаласты.