Әмірліктердің Энергетика және инфрақұрылым министрі Сухейль әл-Мазруи «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерейтойлық медалімен марапатталды

Әмірліктердің Энергетика және инфрақұрылым министрі Сухейль әл-Мазруи «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерейтойлық медалімен марапатталды

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, сондай-ақ, екі ел арасындағы екіжақты қарым-қатынастарды дамытуға қосқан үлесі үшін ү.ж. 7 ақпанда Қазақстанның БАӘ-дегі Елшісі Мадияр Меңілбеков Біріккен Араб Әмірліктерінің Энергетика және инфрақұрылым министрі Сухейль әл-Мазруиге «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерейтойлық медалін табыс етті.

Өз кезегінде, Әмірліктердің Энергетика және инфрақұрылым министрі Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғысын білдіріп, алдағы кезеңде Қазақстанмен негізгі салаларда одан әрі ынтымақтастыққа сенім білдірді.