Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, сондай-ақ, екі ел арасындағы инвестициялық және экономикалық қарым-қатынастарды дамытуға қосқан үлесі үшін ү.ж. 5 қаңтарда Қазақстанның БАӘ-дегі Елшісі Мадияр Меңілбеков Әбу Даби әмірлігі билеуші отбасының мүшесі шейх Сурур бен Мұхаммед Әл Нағаянға "Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жыл" мерейтойлық медалін табыс етті.
Өз кезегінде, шейх Сурур Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғысын білдіріп, алдағы кезеңде еліміздегі инвестициялық жоспарларын жүзеге асыруға дайын екенін растады.