ҚР Тәуелсіздігінің 30-жылдығына орай Әбу Дабиде ресми қабылдау өтті

ҚР Тәуелсіздігінің 30-жылдығына орай  Әбу Дабиде ресми қабылдау өтті

Іс-шараға құрметті қонақ ретінде БАӘ Мемлекеттік министрі Ахмед әл-Сайех, сонымен қатар болу елінде аккредиттелген дипломатиялық өкілдіктердің жетекшілері, Әмірліктердің ірі инвестициялық компанияларының, қазақ диаспорасы мен жергілікті БАҚ өкілдері қатысты.

Қабылдау барысында көпшілікке ҚР-БАӘ қарым-қатынастарының тарихы жөнінде бейнелер көрсетіліп, еліміздің инвестициялық және экспорттық мүмкіндіктері таныстырылды.

Өз сөзінде Елші М.Меңілбеков қатысушыларға еліміздің егемендік жылдары қол жеткізген негізгі жетістіктері, оның ішінде саяси-экономикалық реформалар, сәтті жүзеге асырылған стратегиялық бағдарламалар, мәдениет және руханият саласындағы маңызды бастамалар жөнінде баяндап бердім.

Соңғы уақытта байқалып отырған түрлі салалардағы екіжақты ынтымақтастықтың жоғары деңгейіне, әсіресе тауар айналымының, инвестицияларды тартудың және шарт-құқықтық базаның кеңеюінің оң динамикасына айрықша назар аударды.

Іс-шара шеңберінде Қазақстан мен БАӘ қарым-қатынастары тарихының маңызды кезеңдерін, екі ел басшылығының тарихи сәттерін қамтитын ҚР Тәуелсіздігінің 30-жылдығына орайластырырылған фотокөрме ұйымдастырылды.

Шараға арнайы шақырылған «Наз» би тобы мен «Тарлан» этноансамблі ұлттық биіміз бен күйлерімізді орындап, Ұлы дала өнерін паш етті.