Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай дөңгелек үстел

Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай дөңгелек үстел

2021 жылғы 25 қарашада Қазақстанның Әмірліктердегі Елшілігі Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай дөңгелек үстел өткізді.

Іс-шараның спикерлері ретінде жергілікті "Al Fajr" газетінің бас редакторы доктор Ш. Бассель, Emirates Post Жұмысты реттеу жөніндегі офисінің басшысы С. Альмидфа және Қазақстанның БАӘ-дегі Елшісі М. Меңілбеков сөз сөйледі.

Елші өз сөзінде Қазақстанның үш онжылдықта жаңа мемлекеттіліктің маңызды кезеңдерінен өткенін атап өтті.

Тәуелсіздіктің алғашқы онжылдығы жаңа Қазақстанның іргетасын қалау кезеңі болды. Осы уақытта Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Назарбаевтың басшылығымен мемлекет рәміздері белгіленіп, билік жүйесі қалыптасты. Айналымға ұлттық валюта-теңге кірді.

Ұлттық экономикада түбегейлі өзгерістер болды. Статистикаға сәйкес, 30 жыл ішінде жалпы ішкі өнім 17 есе өсті. Сыртқы сауда көлемі 100 млрд. АҚШ долларына дейін өсті. Халықаралық резервтер 90,9 млрд. АҚШ долларына өсті. Елге 400 млрд. АҚШ доллардан астам тікелей шетелдік инвестициялар тартылды.

Саяси және экономикалық реформалармен қатар Үкімет рухани жаңғыруға көп көңіл бөледі. Еліміздің тарихы мен мәдениетін жаңғыртуға мүмкіндік берген "Мәдени мұра", "Рухани жаңғыру" бағдарламалары іске асырылды.

Доктор Ш. Бассель Елшілікке Тұңғыш Президенттің 80 жылдығына орай Dar Al-Fajr баспасында басылып шыққан «Нұрсұлтан Назарбаев» атты кітапты таныстыруға шақырғанына ризашылығын білдірді.

Өз кезегінде С.Альмидфа Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Біріккен Араб Әмірліктері Федерациясының 50 жылдығына орай шығарылған арнайы пошта маркаларын ұсынды.

Іс-шараға дипломатиялық топ, жергілікті билік өкілдері, сарапшылар мен БАҚ өкілдері қатысты.