
Қазақстан Елшілігі мен ҚР ҚМ Әскери атташе аппаратының белсенді қолдауымен, ҚР Қорғаныс министрлігі мен ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің делегациялары «DubaiAirShow» халықаралық авиациялық-ғарыштық көрмесіне қатысты.
Ағымдағы жылдың 13-14 қарашасы аралығында Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі генерал-лейтенант М.Бектанов бастаған Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің делегациясы «Дубай әуе шоу-2021» халықаралық аэроғарыштық көрмесін тамашалады.
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі генерал-лейтенант М.Бектановтың БАӘ Мемлекеттік Қорғаныс министрі Мұхаммед әл-Бауардимен кездесуі барысында екі ел арасындағы әскери және әскери-техникалық ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелері талқыланды.
Қазақстан делегациялары Әмірліктердің мемлекеттік органдарымен, халықаралық және жергілікті компаниялармен өздерінің қызмет бағыттары бойынша жемісті келіссөздер өткізді.
ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, Біріккен араб әмірліктері Ғарыш агенттігі және «Роскосмос» мемлекеттік корпорациясы арасында «Байқоңыр» айлағындағы «Гагарин старты» ғарыш жобасын іске асыру бойынша үшжақты хатқа қол қойды.