
Ү.ж. 15 қарашада Қазақстан Республикасының Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Елшісі М.Меңілбеков БАӘ Жоғары аудит институтының басшысы Хариб Саид әл-Амимен кездесті.
Кездесу барысында Елші М.Меңілбеков Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің құрылуының 25-жылдық мерейтойына орай арнайы медальді табыстады.
Өз кезегінде Х.әл-Амими аталған марапат үшін зор ризашылығын білдіріп, Қазақстан мен Әмірліктер арасындағы екіжақты ынтымақтастың даму динамикасына оң бағасын берді.
Тараптар екі мемлекет арасында ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға уағдаласты.