
Ү.ж. 10 қазанда Қазақстан Республикасының БАӘ-дегі Елшілігінің бастамасымен Қазақстан мен БАӘ пошта қызметтері "Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы және Біріккен Араб Әмірліктері құрылуының 50 жылдығы" тақырыбында екі пошта маркасын бірлесіп шығаруды жүзеге асырды.
Аталған іс-шара Әмірліктердің астанасы Әбу Даби қаласында Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Асқар Маминнің және БАӘ Премьер-Министрінің орынбасары және Президент істері жөніндегі министрі шейх Мансұр бен Заид әл Нахайянның қатысуымен өтті.
Айта кетейік, «Қазпошта» АҚ мен «Emirates Post» компанияларының бірлескен жемісті жұмыс тәжірибе бар. 2015 жылы Ұлттық пошта қызметтері Қазақстан мен БАӘ арасындағы өзара қарым-қатынастарды дамытуға арналған бірлескен пошта маркасын шығарған болатын.